Близость слов: Окончание:





Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2548
Редакция 12.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты бекітілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымдарына жіберсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 "Сақтандыру төлемдеріне
 кепілдік беру қорына
 қатысудың үлгі шартын
 бекіту туралы"
 2003 жылғы 24 қыркүйектегі
 N 345 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік 
 беру қорына қатысудың үлгі шарты
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Қор) Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төраға ___________ арқылы және ___________ сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы - қатысушы) Жарғы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туарлы ереже) негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төраға (бұдан әрi – Филиалдың басшысы) ___________ арқылы, бұдан әрі Тараптар деп аталады, төмендегiлер туралы шарт жасады:
Кіріспенің бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы шартта пайдаланылатын ұғымдардың «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған түсіндірмелері бар.
Осы шарттың Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу тәртібіне реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады».
1. Осы Шарттың мәні сақтандыру ұйымы - қатысушының Заң және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы - қатысушы үшін), міндетті, төтенше жарналарды төлеу арқылы Қорға қатысуы, шартты міндеттемелерді қалыптастыруы және өзіне сақтанушылардың құқықтарын қосымша қорғау бойынша осы шартта айқындалған міндеттемелер қабылдауы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 25.06.2007. № 187, 01 (23.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз).03.2010 № 21 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Міндетті жарналарды төлеу тәртібі 
Полная версия
ИС BestProfi