Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2011
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2625
Күші жойылды ҚР Әділет министрінің 15.07.2011 № 264 Бұйрығымен (20.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 20.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жекеше нотариустарды есепті тіркеу туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 178 бұйрығының (Әділет министрлігінде N 653 тіркелген, 1998 жылғы 30 қарашада N 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Әділет департаменттерінің бастықтары осы ереженің іске асуын қамтамасыз етсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 Бұйрығымен. (13.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-министрі С.Н.Баймағамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
"Жекеше нотариустарды
 есептік тіркеу туралы
 ережені бекіту туралы"
 Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2003 жылғы 13 желтоқсандағы
 N 264 бұйрығымен
 бекітілген
Жекеше нотариустарды есептік
 тіркеу туралы ереже
Ережеде бүкіл мәтін бойынша «аумақтық әділет органында», «аумақтық әділет органы», «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органына» сөздер «әділет департаментінде», «әділет департаменті», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» сөздермен ауыстырылды ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 Бұйрығымен. (13.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Ереже "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының негізінде әзірленді және жекеше нотариустарды есептік тіркеудің шарты мен тәртібін айқындайды.
2. Жеке нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) келу сипатында болады және Конкурстық комиссияда оң қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды тиісті нотариаттық округтің жекеше нотариустары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында әділет департаментінде есепке қою болып табылады. 
3. Конкурстық комиссияда оң қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) әділет департаментінде есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша ).
1) кадрларды есепке алу жөніндегі фотосуреті бар жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілген);
2) жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) нотариаттық палатаға мүше болып енуі туралы нотариаттық палата басқармасының шешімінен үзінді;
5) егер өтініш беруші бұрын басқа нотариаттық округте нотариаттық қызмет жасаған жағдайда, тиісті нотариаттық округте есептік тіркеуден шығару туралы әділет департаменті бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi