Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операциялар жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2015
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2685
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.08.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелеріндегі эмиссиялық-кассалық операциялар және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету туралы ережелерді бекіту туралы" 1997 жылғы 25 шілдедегі N 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 415 тіркелген, 1997 жылғы 24-29 қарашада, 1997 жылғы 1-6 желтоқсанда, 1997 жылғы 8-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысымен бекітілген
Оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары
Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және оның филиалдарында кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарында қолма-қол ақша енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – клиенттер) қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен 2-тарау жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 86 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
3. Осы Қағидаларда Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия

