Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуін, болуын және одан кетуін бақылау жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында Бұйырамыз:
Внимание! Документ утратил силу с 11.08.2012
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-П Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2889
Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Шетелдік азаматтардың" деген сөздер "Шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 25 мамырдағы № 216, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-ө бірлескен бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2012 жылғы 11 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2012 жылғы № 135 және ҚР Сыртқы істер министрінің 28.04.2012 жылғы № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығына сәйкес
Редакция 25.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры, Департаменттер мен дербес басқармалардың, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын және оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрлігінің 25 мамырдағы № 216, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-ө бірлескен бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу, онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Ішкі істер министрлігінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 422 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 8 тамыздағы N 100 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 1337 болып тіркелген).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүктелсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрлігінің 25 мамырдағы № 216, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-ө бірлескен бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрі
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер Министрі
Қазақстан Республикасы
Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігінің
төрағасы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
генерал-лейтенант
Полная версия