"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17, 21, 28, 44-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2009
Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 874 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3315
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 26.11.2009 № 794 бұйрығымен. (15.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қосымшаға сәйкес амбулатория-емхана көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының (келісім бойынша) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының (департаменттерінің), өзінің құрамында амбулатория-емхана бөлімшелері бар мемлекеттік республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрыққа сәйкес халыққа амбулатория-емхана көмегін ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу алдын-алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 874 бұйрығына 1 қосымша "Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережелері туралы"
Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже амбулатория-емхана көмегін көрсету және бастапқы-медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына азаматтарды тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Ереже меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулатория-емхана көмегін көрсететін медициналық ұйымдарға таралады.
2. Амбулатория-емхана көмегін көрсету
3. Амбулатория-емхана көмегі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) фельдшерлік немесе фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларда, ауылдық учаскелік ауруханаларда, аудандық (орталық) ауруханалардың жанындағы емханаларда, балалар, әйелдер консультацияларын қоса алғанда аумақтық қалалық емханаларда азаматтарды тіркеген жері бойынша өзге де амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.
4. Амбулатория-емхана көмегін учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеттерінің дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерлері (бұдан әрі - БМСК мамандары) және бейін мамандары көрсетеді.
5. Амбулатория-емхана көмегі Заңның 13-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау стандарттарына, сондай-ақ уақытша жұмысқа жарамсыздық сараптамасына сәйкес алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтиды.
6. Алдын алу қызметтері өзіне алдын алу тексерулерін, иммундауды, алдын алу емдеуін, оның ішінде бактериофагирлеу, эпидемиологиялық айғақтар бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы іс-шараларды, қауіпсіз су және ұтымды тамақтандыру жөніндегі түсіндіру жұмысын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, отбасын жоспарлау мен ұрпақты болу денсаулығын сақтауды қамтиды. Науқастарды жыл сайын алдын алу тексерулері мен диспансерлеуді жүргізу, одан кейін динамикалық бақылау, сауықтыру қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия