"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2016
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 327 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3343
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.09.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан Тізілімұстаушылар қауымдастығы", "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 327 қаулысымен Бекітілген
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі
1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - тіркеуші) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ереже орталық депозитарийге қолданылмайды.
3. Тіркеушінің есебіне мыналар жатады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп;
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп;
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп.
Полная версия