Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2010
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 қарашадағы N 329 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3348
Күші жойылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 128 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 29.03.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін. 
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау жөніндегі
 агенттігі Басқармасының
 2004 жылғы 27 қарашадағы
 N 329 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және 
 сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесі
Барлық мәтін бойынша «Сақтандыру ұйымдары», «сақтандыру ұйымы», «сақтандыру ұйымында», «Сақтандыру ұйымы», «сақтандыру ұйымының», «сақтандыру ұйымдары» сөздер тиісінше «Сақтандыру (29.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қайта сақтандыру) ұйымдары», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында», «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының», «сақтандыру ұйымдары» сөздермен ауыстырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 № 22 Қаулысымен.(қайта сақтандыру)
1. Осы Ереже "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) және сақтандыру брокерлері ұсынатын есептің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.09.2006 № 219, 01.03.2010 № 22 Қаулыларымен. (09.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Есепті Қазақстан Республикасының аумағында, барлық өзінің филиалдары және/немесе өкілеттіктері бойынша деректерді қоса отырып, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.09.2006 № 219, 01.03.2010 № 22 Қаулыларымен. (09.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мынадай кезеңдікте және мына нысандар бойынша есептілікті береді: 
1) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей, ай сайын (2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - айдың есептік он күндігінен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей, әр он күндік сайын): 
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдығы туралы есепті; 
Полная версия
ИС BestProfi