Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3582
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 жылғы № 842 Бұйрығына сәйкес
Мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi және ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2-тармақ күшін жойды ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығымен (08.06.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2013 жылы № 106 (28045) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1797 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта(бұдан әрі - нұсқаулықта):
"52-1. Арнайы рұқсатты келісу процесінде жол полициясы бөлімшесінің бастығы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттігі және оның түрі туралы шешім қабылдайды, ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралы қозғалысының жылдамдық режимін белгілейді және қажет болған жағдайда автокөлік құралының техникалық жай-күйін қарауды жүргізеді. Содан кейін арнайы рұқсатқа ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуін келісу туралы жазылады және мөрімен расталады.
Көлік құралының ең болмағанда габариттерінің бірі жүкпен немесе жүксіз ені 3.5 метрден, биіктігі 4,5 метрден не болмаса ұзындығы 24 метрден асса, тасымалдаушы немесе жүк жіберуші бөлетін бүркемелеу автомобилінің жолсерік болуы міндетті.
4) тасымалдау процесінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етілгенде жол полициясының патрульдік ілесіп жүру автомобилінің болуы міндетті.
Өзге де жағдайларда, жол полициясы бөлімшесінің бастығы, жол жағдайларын, көлік тасқынының құрамын және қозғалыстың қарқындылығын негізге ала отырып белгілейді.
автокөлік құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауіпсіздігіне және (немесе) жүктің сақталуына қауіп төндіретін жүктің бекітілуі бұзылған кезде қозғалысты доғарады;
2) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын көлік құралдары Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес айырым белгілерімен белгіленуі тиіс;
3) ірі көлемді жүкті тасымалдау кезінде егер жүгі бар көлік құралының биіктігі жолдың жүргінші бөлігінен 4,5 м биік болса, шектеулі кезде тәуліктің қараңғы уақытында немесе көру жеткіліксіз болған жағдайларда автомобильдің үстіне бір немесе екі жанатын сигналды сары түсті шамы бар көлемді штангасын орнату керек. Шамды орнату биіктігі тасымалданатын жүк габаритінің жоғарғы нүктесінен 10-15 см биік болуы керек және негізгі көлік құралы жүргізушісіне көрінетіндей болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 16 наурыздағы
N 168 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығымен (08.06.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2013 жылы № 106 (28045) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 16 наурыздағы
N 168 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығымен (08.06.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2013 жылы № 106 (28045) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды