Близость слов: Окончание:





Сәйкестікті растау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі N 119 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3601
: Бүкіл мәтін бойынша
"инспекциялық тексерістің", "инспекциялық тексеріс", "инспекциялық тексерістер" сөздер "инспекциялық бақылаудың", "инспекциялық бақылау", "инспекциялық бақылаулар" сөздермен
"сапа жүйесі", "сапа жүйесімен", "сапа жүйесін" сөздер сәйкес "менеджмент жүйесі", "менеджмент жүйесімен", "менеджмент жүйесін" сөздермен ауыстырылсын
"сапа менеджменті жүйесін" сөздер "менеджмент жүйесін" сөздермен
"техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен", "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің", "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде", сөздер сәйкес "техникалық регламенттермен", "техникалық регламенттердің", "техникалық регламенттерде" сөздермен ауыстырылды ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз)
Редакция 29.03.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  өкімін  орындау мақсатында   БҰЙЫРАМЫН:  
1) Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның инспекциялық бақылау жүргізу ережесі; 
2) Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою ережесі; 
3) Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын құптау ережесі бекітілсін. 
2. Техникалық реттеу және метрология басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын. 
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және сауда
 министрлігінің Техникалық
 реттеу және метрология
 комитеті Төрағасының
 2005 жылғы 22 сәуірдегі
 N 119 бұйрығымен
 бекітілген
Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның  
  инспекциялық бақылау жүргізу ережесі 
1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12 бабына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның инспекциялық бақылау жүргізу ережесінің жалпы талаптарын белгілейді.
2. Ереже талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қызметіне қатысатын сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына), сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады.
3. Инспекциялық бақылау - аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын тексеру. 
: 3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз)
4. Сертификатталған өнімге, қызметтер көрсетуге, процестерге және менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылауды, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, сәйкестік сертификат берген сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген орган жүзеге асырады. Сәйкестікті растау сызбасын өтінім беруші сәйкестікті растау бойынша органмен бірлесіп таңдап алады. 
: 4-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз)
5. Инспекциялық бақылаулар сәйкестік сертификатының және өнімдерді (қызметтер көрсетуді) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығының қолданылу мерзімінде мерзімді және жоспардан тыс тексеріс нысанында жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Инспекциялық бақылаулардың мерзімділігін сәйкестікті растау бойынша орган таңдап алынған сәйкестікті растау сызбасына сәйкес айқындайды. 
: 5-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз)
6. Жоспардан тыс тексерістер сертификатталған өнімге (қызметтер көрсетуге, процестерге, менеджмент жүйесіне) шағым-талап келіп түскенде жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi