"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының, 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ережесінің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 165 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3700
Осы Қаулы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (01.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.04.2014 жылдан бастап) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.02.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Ұсынылып отырған клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 265 қаулысымен бекітілген
Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереже
1. Осы ереже клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі тәртібін, нысанын және мерзімін белгілейді.
2. Инвестициялық портфельді басқарушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қағаз және электронды тасымалдағышта есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын мыналарға:
өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Клиенттер (активтері инвестициялық басқарудағы әр клиенттер бөлігінде) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереженің 1, 2 (1, 2-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (3, 4, 5-насандарды) сәйкес есепті береді.
: 2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 02.11.2009 № 230, өзгертілді - 01 (25.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).02.2010 № 9 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
3. Қағазға шығарылып жасалған, басшы, бас бухгалтер қол қойған және инвестициялық портфельді басқарушылардың мөрі басылған есептерге еркін нысанда жасалған ілеспе хат қоса беріледі.
4. Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 25.06.2007 № 173 (28.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5. Есептердің барлық беттері нөмірленеді, беттердің жалпы саны ілеспе хат уәкілетті органға жіберілген кезде көрсетіледі.
Полная версия