Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысын орындау үшін және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 28.08.2013
"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықты" бекіту туралы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 4 маусымдағы N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3747
Осы Бұйрық күшін жойды 09.10.2013 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.08.2013 жылғы № 523 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелерін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Көші-қон полициясы департаменті (М.Қ.Пістаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көші-қон полициясы департаментінің бастығы М.Қ.Пістаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәттен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Министр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
2005 жылғы 22 шілде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 4 маусымдағы N 338 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Құжат мәтініндегі «Шетелдік азамат», «Шетел азаматының», «шетел азаматтары», «шетелдік азаматтың», «шетелдік азаматтарға», «шетелдік азаматтар» сөздері «Шетелдік», «Шетелдіктің», «шетелдіктер», «шетелдіктің», «шетелдіктерге», «шетелдіктер» сөздерімен ауыстырылды ҚР Ішкі істер министрлігінің 25.05.2007 жылғы № 217 Бұйрығы бойынша (04.06.2005 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «КҚПД» аббревиатура «ӘПК» аббревиатурамен ауыстырылды ҚР Ішкі істер министрлігінің 25.05.2007 жылғы № 217 Бұйрығы бойынша (04.06.2005 ж. редакцияны қараңыз)
1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға құжаттар беру
Қазақстан Республикасының халқын, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына (бұдан әрі - Ереже), "Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 ақпандағы N 87 қаулысына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және ол Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелерін реттейді.
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке басын куәландыратын мынадай құжаттар береді:
1) тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
Шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұруға рұқсат алу үшiн келген жерiндегi қалалық, аудандық iшкi iстер органдарына, ал Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында - IIББ, IIБ-ге:
Полная версия