Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2011
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 268 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4011
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2011 жылғы № 14-1/380Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Орман кодексі 56-бабын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесі бекітілсін. 
2. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуге жіберсін. 
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрлігі
 Орман және аңшылық шаруашылығы
 комитеті төрағасының
 2005 жылғы 5 желтоқсандағы
 N 268 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының орман қорында орман 
 орналастыру жұмыстарын жүргізу ережелері 
1 Бөлім. Далалық жұмыстар 
 1 Тарау. Жалпы қағидалар 1. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 45 қаулысымен (16.01.2004 ж) бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелеріне және орман шаруашылығы саласындағы басқа да құжаттарға сәйкес құрастырылған.
Орман шаруашылығын жүргізу мен орман ресурстарын пайдалану, орманды ұдайы өндіру, күзету және қорғау жұмыстарының тиімділігіне, орман шаруашылығындағы ғылыми-техникалық саясаттың бірыңғай болуына бағытталған шаралар жүйесін жасау орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.
2. Орман орналастырудың негізгі міндеттері: 
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәлімет алу; 
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту; 
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру; 
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау; 
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау; 
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік ұйымдардың (бұдан әрі - орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау; 
7) орындалған орман шаруашылық шаралардың сапасын және орман пайдалануды бақылау; 
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.
Полная версия
ИС BestProfi