Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2020
Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4181.
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 18 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес 
Редакция 21.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті: 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi