1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын және белгіленген тәртіппен (бұдан әрі - көлік құралдары) тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді, мопед, трактор мен өздiгiнен жүретiн машиналардан басқа, мерзімді мемлекеттік техникалық байқауды (бұдан әрі - байқау) жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ІІМ) Жол полициясы комитеті қамтамасыз етсін.
Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013
Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4263
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы мен 10-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Жол жүрісі қауіпсіздігі" Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар бақылаудың негізгі міндеттері болып белгіленсін:
1) жол жүрiсiне қатысатын көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен жабдықтары Жол жүрiсi ережелерiне, стандарттарға және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестілігін бағалау;
2) көлік құралдарының санын, олардың тиесілігін және өзге де тіркеу құжаттарын нақтылау;
3) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 747 қаулысымен бекітілген әскери-көліктік міндеттер туралы тәртіпке сәйкес, жергілікті органдардағы әскери басқарманың өкілдерінің қатысуымен көлік құралдары мерзіміне байланысты.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы № 83 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
2-1. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудан өткізу жол полициясының тексеру пункттерінде мынадай кезеңде:
- шыққан жылын қосқанда жасы 7 жылдан асқан көлік құралын - әpбip 12 ай сайын;
шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылдан 7 жылға дейінгі көлік құралын - әpбip 24 ай сайын;
шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылға дейінгі көлік құралын - әрбір 36 ай сайын жүргізіледі.
Бұл ретте автобустар, микроавтобустар мен такси, және де адам тасуға арнап жабдықталған жүк автомобилдері меншік түріне және шыққан жылына қарамастан мемлекеттік техникалық байқаудан әрбір 6 ай сайын өткізіледі.
: 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы № 83 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
3. Көлік құралдарын байқау олардың тұрақты немесе уақытша тіркелген жері бойынша механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді техникалық байқау туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынған жағдайда жүргізіледі.
Белгіленген мерзімде байқауға ұсынылмаған көлік құралдары одан әрі жол қозғалысына жіберілмейді деп танылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарын байқаудың қорытындысы бойынша агрегаттың нақты нөмірлері көрсетіліп, олардың тіркелген құжаттарда көрсетілген деректерімен сәйкестігін растай отырып, біржолғы байқаудан өткендігі туралы 2 дана акті (1-қосымша ) жасалады, бір данасы қалалардың (аудандардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі.
Қазақстан Республикасы аумағына жаңадан әкелінген көлік құралдарын алғашқы рет тіркеу, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қайта жабдықталған көлік құралдары жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде байқаудан өткізуі тиіс.
Заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудың қорытындысы екі данада көлік құралдарын техникалық байқаудың құрама актісімен (2-қосымша ) және біржолғы байқаудан өткендігі туралы акті ресімделеді, бір данасы қалалардың (аудандардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне), ал екінші данасы - Жол полициясына жіберіледі. Актінің көшірмесі көлік құралының иесіне - заңды тұлғаға беріледі. Деректер Жол полициясының көлік құралдары туралы деректер базасына енгізіледі және "Технадзор" автоматтандырылған іздеу жүйесінде есепке алынуы тиіc.
Байқау қорытындысы бойынша барлық көлік құралдары жөніндегі мәліметтер Жол полициясының көлік құралдары туралы деректер базасына енгізіліп, сонымен бірге қалалардың (облыстардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі.
: 3-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 26.02.2007 № 83, 20 (08.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз).12.2009 № 483 бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
Полная версия