Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы
Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4341
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.08.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің  12-тармағын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесі бекітілсін. 
2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты жол полициясы қызметкерлерінің зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі Қ.Б.Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2006 жылғы 10 шiлдедегі
 N 341 бұйрығымен бекітілген
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережелері
Құжат мәтіндегі «білім беру ұйымдарында», «білім беру ұйымы», «білім беру ұйымдары», «білім беру ұйымының» сөздері «оқу ұйымдарында», «оқу ұйымы», «оқу ұйымдары», «оқу ұйымының» сөздеріне ауыстырылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2010 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес (10.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2010 жылы № 260-261 (26321-26322)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына  сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Ереже ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен меншік (бұдан әрі - оқу ұйымы) түріне қарамастан, жүргізуші кадрлар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2010 жылғы № 370 Бұйрығымен (10.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2010 жылы № 260-261 (26321-26322)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлауды және қайта
 даярлауды ұйымдастыру 
3. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, сондай-ақ көлік құралының бір түрінен басқа түрін жүргізу құқығына қайта даярлау "А", "В", "С", "Д", "Е" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау бағдарламасына (1-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау және қайта даярлау мерзімі оқу бағдарламаларының көлеміне қарай екі айдан алты айға дейін бекітіледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2010 жылғы № 370 Бұйрығымен (10.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2010 жылы № 260-261 (26321-26322)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. "А", "В", "С", "Д" және "Е" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау денсаулығы белгіленген медициналық көрсетімдерге сәйкес келетін адамдар қатарынан жүзеге асырылады.
5. Жүргізушілерді даярлау, сондай-ақ бір көлік түрінен басқа көлік құралының түрін жүргізу құқығына қайта даярлау күндізгі немесе кешкі оқыту нысанында жүзеге асырылады. Оқыту бағдарламасын меңгерген адамдар оқу ұйымдарында толық оқыту курсы бойынша қорытынды аттестациядан өтеді және оқыту курсын бітіргені туралы куәлік (2-қосымша) алады.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2010 жылғы № 370 Бұйрығымен (10.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2010 жылы № 260-261 (26321-26322)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi