Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2017
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4848 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 59 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қаржы ұйымдардың есептілікті беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын: 
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1865 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 40, 707-құжат); 
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2578 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 22 қаңтарда N 12 жарияланған); 
3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2003 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 381 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3409 тіркелген).
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева): 
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушысына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстандық Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 25
маусымдағы N 173 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі 
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26.01.2009 жылғы № 8 Қаулысымен (25.06.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 жылғы № 224 Қаулысымен (26.01.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) Агенттік Басқармасының "Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2817 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 11 қарашада N 209-210 (943-944) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру Ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 жылғы № 248 Қаулысымен (27.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық банкі басқармасының 17.07.2015 жылғы № 130 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (23.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының кейбір
 нормативтік құқтық актілеріне
 қаржы рыногы мен қаржылық
 ұйымдарды реттеу мен қадағалау
 мәселелері бойынша енгізілетін
 өзгерістер мен толықтырулардың
 тізбесіне 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 жылғы № 224 Қаулысымен (26.01.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының кейбір
 нормативтік құқтық актілеріне
 қаржы рыногы мен қаржылық
 ұйымдарды реттеу мен қадағалау
 мәселелері бойынша енгізілетін
 өзгерістер мен толықтырулардың
 тізбесіне 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 жылғы № 224 Қаулысымен (26.01.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқтық актілеріне
қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау
мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
тізбесіне 3-қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 жылғы № 248 Қаулысымен (27.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi