Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4945 болып енгізілді
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Әділет министрінің 21.06.2011 № 230 (21.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 637 тіркелген, "Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Осы Ережелер өзгертілді ҚР Әділет министрінің 21.04.2008. № 103 Бұйрығымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ережелер өзгертілдіҚР Әділет министрінің 21.06.2011 № 230 Бұйрығымен (21.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ережелер өзгертілді ҚР Әділет министрінің 19.04.2012 № 159 Бұйрығымен (21.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Осы Ережелер өзгертілді ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 жылғы № 111 Бұйрығымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Ережелер өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 жылғы № 362 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Ережелер өзгертілді ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 жылғы № 1104 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ережелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 15.06.2020 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (18.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 13.05.2024 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ережелер «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.
1) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2) гидромелиоративтік кондоминиум – жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі бірыңғай мүліктік кешен (бұдан әрі – гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес, кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тіркеледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығымен (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 13.05.2024 жылғы № 411 Бұйрығымен (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініші (әрі қарай – өтініш) немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) өтініші ұсынылады.