"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 24-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.03.2016
Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 621 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5070 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 наурыздан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 жылғы № 93 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.08.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Мыналардың:
1) "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3292 тіркелген);
2) "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 286 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4757 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 621 бұйрығымен бекітілген
Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны
____________________________________________ негізінде әрекет етуші (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
__________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің
аты)
бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын___________________________
(білім беру ұйымының атауы, білім беру
қызметін жүргізуге құқық берілген)
Полная версия

