Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.01.2012
Документ показан в демонстрационном режиме!
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 435 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5768 болып енгізілді
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2012 № 10-1/18 бұйрығымен (30.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 
9 -бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі бекітілсін. 
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 мамырдағы N 16-6/69 п (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4259 нөмірмен тiркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 6 шілдедегі N 123 (929) санында жарияланған) бұйрығы; 
2) "Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4321 нөмірмен тiркелген,  Заң газетінде" 2006 жылғы 8 тамыздағы N 144 (950 )  санында жарияланған) бұйрығы. 
3) "Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 шілдедегі N 239 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4854 нөмірмен тiркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 10 тамыздағы N 122 (1150 )  санында, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы тамыз-қыркүйекте жарияланған) бұйрығы. 
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Толқымбеков Е.Р.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2009 жылғы 30 шілдедегі
 N 435 бұйрығымен
 бекітілген
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 
Полная версия
ИС BestProfi