"Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 309 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6631 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 21.04.2014 жылдан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2010 жылғы 2 сәуіріндегі 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
2. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6255 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
1. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеудің (бұдан әрі – есептік тіркеу) міндетті келу сипаты бар және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуден өткен және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен адамды уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тіркеушілік есепке қоюға арналған.
3. Есептік тіркеуден өту үшін бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуден өткен және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) аумақтық органға осы Ережеге сәйкес 1-қосымша нысаны бойынша өтініш береді.
4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы басқармасының өтініш берушіні жеке сот орындаушылары алқасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінен үзінді көшірме;
5) егер өтініш беруші бұрын басқа атқарушылық округте атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда тиісті атқарушылық округте есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық органның бұйрығының көшірмесі.
4. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аумақтық орган өтініш берушіні есептік тіркеуге қою немесе есепке тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда есептік тіркеуге қоюдан бас тартылуы мүмкін.
5. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою және оған қызмет аумағын айқындау туралы мәліметтер Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі – Кітап) енгізіледі (2-қосымша).
Оған енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылылығы үшін, сондай-ақ сақталуы үшін аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкері жауапты болады.
1) жеке сот орындаушыларының қызмет аумағында үй-жайдың кеңсе үшін бар екендігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (жалдау, сатып алу-сату шартын немесе басқа да үй-жайды пайдалануға құқық иелендіретін құжат);
8. Аумақтық орган құжаттарды алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 7 тармағында көрсетілгендей олардың көшірмелерін уәкілетті органға жолдайды.
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық орган жеке сот орындаушысынан тиісті мәліметтер түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің сәйкесінше өзгергені туралы өзінің ақпаратына орын алған өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға береді.
9. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу жеке сот орындаушысы лицензиясының қызмет етуін тоқтата тұру жағдайында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдылығымен көзделген негіздер немесе уәкілетті органның талап - арызы бойынша сот тәртібімен, сонымен қатар Заңмен көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және аумақтық органның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
10. Аумақтық орган жеке сот орындаушысын тіркеу есебінен алу туралы бұйрықты шығарған мерзімнен бастап он күнтізбелік күн ішінде ол туралы уәкілетті органды бұйрықтың көшірмесін тіркей отырып хабардар етеді.