Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына 1-қосымша
1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11) осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес кепілдік төлемдерін, зардап шегушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды, өтемақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар туралы есеп;
3. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жасалатын есептілік ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып, электрондық тасымалдауышта ұсынылады.