Близость слов: Окончание:





Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 41 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6207 болып енгізілді
Қаулы тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемелері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені Бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2186 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі № 214 қаулысының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2432 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімде "Банктік емес ұйымдар" модулін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2010 жылғы 29
 наурыздағы № 41 қаулысымен
 бекітілді
Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемелері
Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары мен әдістемелері «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есеп айырысу тәртібі мен әдістемелерін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 98 Қаулысымен (29.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар дауыс беруші акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі сауда-саттықты ұйымдастырушыға 3-тармақта белгіленген талаптар бөлігінде қолданылады.
1-1. Осы Қағидаларда мына ұғымдар қолданылады:
Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2010 жылғы № 160 Қаулысына сәйкес (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 03.12.2010 жылы тіркелді
1-1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
1) арнаулы сауда-саттық - қаржы құралын орналастыратын, сататын, сатып алатын, иемденетін жалғыз сатушысы (сатып алушысы) бар қаржы құралын орналастыру, сату, сатып алу немесе иемдену бойынша биржалық сауда-саттық;
2) кепіл қоры - сауда-саттыққа қатысушының (қатысушылардың) міндеттемелерін оның (олардың) төлем қабілетсіздігі жағдайында жабу үшін арналған, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерінің кепіл жарналарынан қалыптастырылатын қор;
Полная версия
ИС BestProfi