Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 127-ө бұйрығына
2-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
2-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
2) зейнетақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi – уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
5) орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – үкіметтік ақпаратқа бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе шоғырландырылған, барлық нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталық дерекқоры;
10) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардағы жауапты тұлғалар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтанбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
3. Мемлекеттік қызметті зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Полная версия
ИС BestProfi