1. Осы «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) 3-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) жәрдемақы алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) – Қазақстан Республикасы азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
5) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – үкіметтік ақпаратқа бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе шоғырландырылған, барлық нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталықтандырылған дерек қоры;
10) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтанбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
3. Мемлекеттік қызметті жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет:
Полная версия

