Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 127-ө бұйрығына
4-қосымша
4-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» (бұдан әрі - Заң) 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414 Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға берiлетiн ақшалай төлем;
2) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) мемлекеттік арнайы жәрдемақыны алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының Үкiметi Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
5) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – үкіметтік ақпаратқа бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе шоғырландырылған, барлық нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталықтандырылған дерек қоры;
10) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтанбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
3. Мемлекеттік қызметті жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Полная версия
ИС BestProfi