Близость слов: Окончание:





Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 маусымда № 7021 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2017 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 09.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2017 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2017 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Қилыбай Н.И.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрінің
 2011 жылғы 19 мамырдағы
 № 291 бұйрығымен
 бекітілген
Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық
Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2017 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің 2015 жылғы 30 ақпандағы № 544 бұйрығымен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында (бұдан әрі – Техникалық пайдалану қағидалары) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығында (бұдан әрі – Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық) көзделген негізгі ережелеріне сәйкес Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық).
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2017 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (20.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) станциялардағы әр түрлі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары (бұдан әрі – СОБ) және поездардың қозғалысы кезінде сигнал беру және байланыс құралдары кезінде поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу; 
2) темір жолдарда және құрылыстарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайында поездарды қабылдау және жөнелту;
5) поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін регламенттейтін басқа да ережелер.
2. Әрбір станция мен жол посты поездар қозғалысына басшылық жасау бөлігінде және әрбір поезд бір мезгілде тек бір қызметкердің: станция немесе жол посты – станция бойынша кезекшінің, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездық диспетчердің, поезд – жетекші локомотив (моторвагонды поезд), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисінің билігінде болады.
Әрбір станция мен жол постында поездарды қабылдауда, жөнелту мен өткізуде тек бір қызметкер – станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчер ғана иелік етеді.
Станцияларда жолдың дамуына қарай станция, орталықтандыру посттары немесе парктер бойынша бірнеше кезекші болады, олардың әрқайсысы өзінің жұмыс ауданы шектерінде поездар қозғалысын жеке басқарады немесе белгілі бір операцияларды орындайды. Әрбір станция, орталықтандыру посттары немесе парктер бойынша кезекшінің поездар қозғалысымен байланысты басқару аудандарын және осы қызметкерлердің міндеттерін шектеу станцияның техникалық - өкімдік актісінде (бұдан әрі – станцияның техникалық - өкімдік актісі) көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi