Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.06.2015
"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7549 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.05.2015 жылғы № 318 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың және 2012 жылы осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері белгіленсін:
1) құжаттарды қабылдау - 2012 жылғы 14 мамыр мен 1 қазан аралығында;
2) өз бетімен түскендер санаты үшін құжаттар қабылдау – 2012 жылғы 14 мамыр мен 25 шілде аралығында;
3) конкурсты өткізу – 2012 жылғы 4 маусым мен 2013 жылғы 31 қаңтар аралығында.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2012 № 287 (06.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білуінің, сондай-ақ пәндік емтихандарының қажетті ең төменгі деңгейі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуінің бағалау парағының типтік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер сауалнамасының типтік нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін тағылымдамадан өту бағдарламасына талаптар;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, тілдік курстардың ұзақтылық кестесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес, маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырыс нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының маман даярлауға тапсырыс нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес, 2012 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы үміткерлерінің оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес, 2012 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтары күшін жойды деп есептелсін.
4. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті:
Полная версия
ИС BestProfi