Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2017
Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7601 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 6 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 309 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдiстемелерi мен нормативтiк мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудiң нысандары мен мерзiмiн белгiлеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылы 28 наурызда № 4148 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 ақпандағы
 № 92 қаулысына
 қосымша
Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері
Осы Банк конгломератына арналған нормативтiк мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге міндетті лимиттерді есептеу әдiстемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзiмдерi (бұдан әрі - Нормативтік мәндер) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және банк конгломератына арналған нормативтiк мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге міндетті лимиттерді есептеу әдiстемелерін, сондай-ақ есептілікті берудің нысандары мен мерзiмдерiн белгілейді.
1. Банк конгломератына сақтауға мiндеттi пруденциалдық нормативтердiң құрамына мынадай пруденциалдық нормативтер кіреді:
меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгі коэффициентi;
бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерi.
2. Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мақсатында Нормативтік мәндерінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi