Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2013
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 365-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8201 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 15.05.2013 жылғы № 124-ө Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.
2. Төмен көміртекті даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2012 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 365-ө бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін
 ӨТІНІШ
 
1. Табиғатты пайдаланушының атауы
2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта

3. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды)
4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі:
4.1. Ұлттық жоспардан
4.2. Ұлттық жоспардың квота көлемі қорының (жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін)
4.3. Барлығы
___________________________ тонна ___________________________ тонна ___________________________ тонна
5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі
6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі 20____ жылға
7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады: 1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп
2) қондырғының паспорты
3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасы
4) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.
Полная версия
ИС BestProfi