Близость слов: Окончание:





Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 870 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8281 тіркелді
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында кейіннен ресми жариялануын және оның МОИП-да орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2012 жылғы 11 желтоқсандағы
 № 870 бұйрығымен
 бекітілген
Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы
 және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы
 есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған жүйе – кәсіпорынның өндірістік қызметін жүзеге асыру шеңберінде технологиялық процестерді басқаруға арналған тағайындалған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;
2) бастапқы деректер – есептілікті қалыптастыру кезінде пайдаланылатын бастапқы есепке алу құжаттарының деректері;
3) «Жол ведомосын ықпалдастырып өңдеу» бірыңғай кешені (бұдан әрі – ЖТЫӨ БК) – жүк жөнелтілімін тасымалдау маршруты бойынша жол жұмысының көлемі есептелетін және соған сәйкес тасымалдау бойынша кіріс үлесі анықталатын жол ведомосын өңдеу үшін жұмыс істейтін автоматтандырылған жүйе;
4) жол жүру құжаты (билет) - жолаушыларды, багажды, жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау шартын жасасқан кезде ресімделетін тасымалдау құжаты;
5) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы бастапқы есепке алу құжаты (бұдан әрі - бастапқы есепке алу құжаты) – бастапқы мәліметтер кіретін, статистикалық деректерді есепке алу үшін пайдаланылатын құжат, сондай-ақ Қағиданың 5, 6 және 7-тармақтарында аталған құжаттар;
Полная версия
ИС BestProfi