"Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 ақпанда № 8328 тіркелді
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «№ 1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 тамыздағы № 132 (1335) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
2) «№ 2 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4816 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы қыркүйек, № 9, 281-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік қағидаттары мен сапалы сипаттамаларын және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібін айқындады.
2. Осы Стандарттың күші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына және Даму Банкіне қолданылмайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) міндеттеме – реттелуі экономикалық пайдалар қамтитын ресурстардың есептен шығуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын субъектінің қазіргі міндеттері;