Близость слов: Окончание:





"Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 ақпанда № 8328 тіркелді
Редакция 05.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.07.2025 жылғы № 377 Бұйрығына сәйкес (22.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ұлттық қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.
1) «№ 1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 тамыздағы № 132 (1335) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
2) «№ 2 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4816 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы қыркүйек, № 9, 281-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.07.2025 жылғы № 377 Бұйрығына сәйкес (22.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2013 жылғы 31 қаңтардағы
 № 50 бұйрығымен
 бекітілген
1 тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік қағидаттары мен сапалы сипаттамаларын және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – субъект) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібін айқындады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.07.2025 жылғы № 377 Бұйрығына сәйкес (22.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Стандарттың күші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына және Даму Банкіне қолданылмайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Параграф 2. Осы Стандартта қолданылатын ұғымдар
3. Осы Стандартта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) активтер - субъект өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар;
2) міндеттеме – реттелуі экономикалық пайдалар қамтитын ресурстардың есептен шығуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын субъектінің қазіргі міндеттері;
Полная версия
ИС BestProfi