Близость слов: Окончание:





Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын
 тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді
 қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды,
 салықтарды өндіріп ерекшеліктері және осындай тауарларға
 қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы
 КЕЛІСІМ
ҚР 30.06.2010 жылғы 325-IV Заңымен ратификацияланды 
Осы Келісім қолданысын тоқтатады Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап
Редакция 10.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартқа негізделе отырып,
кеден одағы Кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағына, 85-бабының 5-тармағына, 93-бабының 3-тармағына, 217-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,
кеден одағының үшінші елдермен саудасына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдасуын дамыту мақсатында,
халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
Осы Келісім тауарларды кеден одағының кеден аумағы бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжаттарды толтыру мен ұсыну тәртібін, нысанын, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың тұрған орнын белгілеу (растау) тәртібін, Тараптардың осындай тауарларға қатысты бюджеттері арасында өндіріп алынған соманы есептеу тәртібін және кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктерін айқындайды.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
«шетелдік валютадағы шот» - осы Тараптың уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте басқа Тараптың валютасында басқа Тараптардың әкелу кедендік баждарын бөлуден түсетін түсімдерді есептеу үшін ашылған шот;
«кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шоты» - Қазақстан Республикасының кеден органына уәкілетті органда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын есептеу үшін ашылған шот;
«уәкілетті органның бірыңғай шоты» - уәкілетті органға ұлттық (орталық) банкте, не ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда аталған Тараптың бюджеттері арасында түсімдерді есептеу мен бөлу үшін ашылған шот; 
«орталық кеден органдары» - Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
2-баптың бесінші абзацы өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартпен (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
«Тараптардың мемлекеттік органдары» - Армения Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Беларусь Республикасы мемлекеттік басқармасының республикалық органдары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Ресей Федерациясы атқарушы билігінің федералдық органдары;
2-баптың алтыншы абзацы өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартпен (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
«уәкілетті орган» - осы Тарап бюджетінің орындалуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Тараптың мемлекеттік органы;
«салық төлеушінің нөмірі» - Тараптың салық органына есепке қою кезінде берілетін нөмір және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Полная версия
ИС BestProfi