"Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 174 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8839 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Энергетика министрінің 03.03.2015 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
1. «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 15 қазанда № 497-500 (26892) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрлігінің
_______________ (лауазымы)
___________ _______________________
(Қолы) (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
________________________
(күні және мөрі)
Мұнай өнімдерін өндірушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы _________ № ______
(Күні)
Мұнай өңдеу зауытын пайдалануға енгізу туралы акт ________ № ______
(Күні)
Негізгі өндіріс бойынша ақпарат Өндірілетін мұнай өнімдерінің негізгі түрлері
Өндіріс паспорты нөмірленген және тігілген түрде ұсынылады және мұнай өнімдерін өндірушінің елтаңбалық мөрімен расталады (жеке тұлғалар үшін – қол қойылады).