Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1175 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 458 Қаулысына сәйкес
1. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген 13-бөлімдегі 68-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-бөліммен толықтырылсын:
«21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
99. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің өткізу пункттері арасындағы және кеден ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия

