Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
"Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1213 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында:
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Қалпына келтiру пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуi мен соқтығысуының салдарларын жоюға арналады.»;
36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Өрт пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және объектiлер мен жылжымалы құрамда өрт сөндiру-профилактика жұмыстарын өткiзуге және өрттердi сөндiруге арналады.»;
40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуінiң салдарын жою, авариялардың, объектiлердегi және құрамдағы өрттердi сөндiру, сондай-ақ АЖҚ жетiспеген кезде жұмыста қиындықтардың туындауын, пойыздар қозғалысындағы іркілістердің алдын алу үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторы бөлiмше бойынша бұйрықпен оперативтiк резервтегi, жөндеудiң жоспарлы түрiнен өткен АЖҚ-ны пайдалануға тартады.»;
«41. Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттар бойынша темiржол иесi тиiсiнше пойыздардың үзiлiссiз қозғалысын ұйымдастыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етедi.»;
42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Қар жинағыш және қар тазалағыш техника (қар жинағыш пойыздар, соқалы қар тазалағыштар, қар тазалағыш жоңғылар, роторлы қар тазалағыштар) қысқы кезеңдегi жұмысқа Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлеген мерзiмдерде дайындалады. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканың қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлейдi.»;
43, 48, 88, 90 және 115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы орналастыру жоспарын, қармен күресудiң жедел жоспарын тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша темiржол иесі бекiтедi.»;
«48. Күрделi метеорологиялық жағдай кезеңiнде, қар жинағыш және қар тазалағыш техника жетiспеген кезде пойыздар қозғалысындағы iркiлiстер мен қиындықтарды болғызбау үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторы қар жинау жөнiндегi жұмысқа деполық және/немесе күрделi жөндеуден өткен жедел резервтегi қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы жұмысқа тартады.»;
«88. Магистральдық және станциялық жолдардың, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша темiржол иесiне тиесiлi темiржол кiрме жолдарының жоспары мен бейіні кезең-кезеңімен аспап арқылы тексерiлiп отырады.
Жолдардың жоспары мен бейінін аспап арқылы тексеру, тиiстi техникалық құжаттаманы дайындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша темiржол иесiне жүктеледi.»;
«90. Сұрыптау, учаскелiк және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерiнiң, дөңесасты және пiшiнделген тартымдық жолдардың бойлық бейіндерін үш жылда кемiнде бiр рет тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша темiржол иесi тексередi. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында бейін он жылда кемінде бiр рет тексеріледi.
Басты жолдардың бойлық бейін аспап арқылы тексеру жолдарды күрделi және орташа жөндеу кезеңінде жүргізіледі. Жолдың жоспары мен бейінінің өзгеруiне алып келетiн қайта құру жүргiзiлетiн магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерін жұмысты орындаушылар жұмысты аяқтаған соң тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiне тиiстi құжаттаманы ұсына отырып, тексередi.
Станция аумағында жаңа объектiлер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды орындайтын кез келген ұйым қолданыстағы станцияның дамуына объектiнiң байланыстырылуын белгiлейтiн орындаушылық құжаттаманы дереу тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiне беруi тиiс.»;
«115. Инженерлiк коммуникация, құбыржолдар, өтпе, байланыс желiсi, электр беруді, мұнай құбыржолдары, газ құбыржолдарын, сондай-ақ олардың теміржолмен қиылысатын объектілерді немесе олардың өте жақын орналасқан жолақ бұрамасының шегінде орналасқан құрылыстарды орналастыру, салу және пайдалану шарттары оған тапсырыс беруші мен тиісінше Ұлттық инфрақұрылымның операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесі арасындағы шарт бойынша анықталады.»;
116-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.»;
187 және 213-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«187. Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлейтiн тiзбеге сәйкес станциялар мен диспетчерлiк учаскелердегi пойыздық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сөйлесудi құжатталған тiркеу жүйесiмен жабдықталады.
Сөйлесудi құжатталған тiркеу жүйесiн пайдалану тәртiбiн Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлейдi.»;
«213. Қажет болғанда, жекелеген өтпе жолдарда жүрдек жолаушылар пойызын өткiзу кезiнде қосымша қауiпсiздiк шарасы ретiнде өтпе жолдар бойынша кезекшi қосынына қарама-қарсы орналасқан көлденең бұрылатын қосалқы тоспалар жабылып, құлыпқа бекiтiлуi тиiс. Мұндай өтпе жолдардың тiзбесiн Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлейдi.»;
215-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгiлік техникалық шешiмдердi тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темiр жол иесi бекiтедi. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгiлік емес техникалық шешiмдердi қолдануға рұқсат етiлмейдi.»;
229-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолданыстағы жасанды құрылыстарда көрсетілген қашықтықтарды азайтуға тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiнiң техникалық шешiмдерiнiң негiзiнде уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша рұқсат етіледi.»;
230-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай жерлердiң тiзбесiн тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесi белгiлейдi.»;
234-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық және станциялық жолдарда айырғыштарды, ажыратқыштарды ауыстырып қосу тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының (энергодиспетчердiң) немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiнiң жауапты қызметкерiнiң бұйрығы негізінде ғана жүргiзiледi.»;
236 және 262-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«236. Түйiспелi тораптың, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялау схемасын тиісінше Ұлттық инфрақұрылымдық операторы немесе концессия бойынша теміржол иесі бекітеді.»;
«262. Бір жолды учаскеде жұмыс жүргізу үшін аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бiр немесе бiрнеше жолды жабу егер ол көршiлес темiржол ұйымдарымен белгiленген қозғалыс мөлшерлерiнiң өзгеруiне алып келмесе, тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша темiржол иесiнiң рұқсатымен жүргiзiледi. Егер мұндай жабу ТМД елдерiнiң көршiлес темiр жолдарына белгiленген пойыздар қозғалысы мөлшерлерiнiң өзгеруiне алып келсе, оған басқа темiр жол әкiмшiлiктерiмен келiсу рұқсат берiледi.»;
263-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы жауапты қызметкердің (пойыз диспетчерiнiң) тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша темiржол иесiнiң бұйрығын (жазбаша хабарлама, телефонхат немесе жеделхат нысанында) алғанға дейiн және жұмыс орындары сигналмен қоршалғанға дейiн жұмысқа кiрiсуге рұқсат етiлмейдi.»;
264-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолданыстағы автоматика, телемеханика және телекоммуникация немесе электрмен жабдықтаудың құрылғыларының жұмысын қалпына келтiру тиiсiнше жауапты қызметкерден (автоматиканың, телемеханиканың және телекоммуникацияның аға электр механигiнен немесе энергодиспетчерден), Ұлттық инфрақұрылым операторынан немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiнен хабарлама алғаннан кейiн жүргiзiледi.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi