Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2013
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 736 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 09.10.2013 жылғы № 10-3/484 Бұйрығына сәйкес
2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы Ереженің 3-тармағына және 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Тізбесінің 10-бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 440 бұйрығы.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр  А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 736 бұйрығымен
бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының  құрамы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян комиссиясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы - Евгений Иосифович Аман
Қазақстан-ресей трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Марат Әбілахатұлы Оразаев
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-молдова комиссиясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов
Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Марат Әбілахатұлы Оразаев
Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық қолданыстағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі қазақстан-қырғыз комиссиясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Марат Әбілахатұлы Оразаев
Полная версия
ИС BestProfi