Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
"Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 08 қазандағы № 469 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 қарашада № 8873 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысанын ұсынады.»;
8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының толық жазылуы (ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, нысаналық қаржыландыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) кеден одағының, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарын, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ, соманы анықтауға дейінгі шотты есепке алуға арналған);»;
10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қордың, нысаналы қаржыландыру ҚБШ, кеден одағының шотындағы, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ, шетел валютасының түрлерi бойынша шоттардағы, соманы анықтауға дейінгі шоттардағы, есеп айырысуларда ақша бойынша, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы қалдықтарын көрсетеді.
Жергілікті бюджеттерін атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттердің ҚБШ, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың тиісті ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ ақшаның қалдықтарын көрсетеді.»;
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
300 «РБ ҚБШ»;
301 «ЖБ ҚБШ»;
302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот»;
303 «Кеден одағының шоты»;
304 «РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты»;
305 «ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты»;
306 «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ»;
Полная версия

