Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 480 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қарашада № 8878 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 2011 жылғы 15 тамызда № 7126 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы, № 292-297 (27371) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
№ ОС-1 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-1 нысаны бойынша акт 2310 «Жер», 2320 «Ғимараттар», 2330 «Құрылыстар», 2340 «Беріліс қондырғылары», 2350 «Көлік құралдары», 2360 «Машиналар және жабдықтар», 2370 «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы», 2380 «Өзге негізгі құралдар», 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шоттары бойынша негізгі құралдарды және 510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беруді (тасымалдауды) ресімдеу үшін қолданылады. № ОС-1 нысаны бойынша акт әрбір жеке объектіге (зат, жинақ) екі данада жасалады. Біртекті және құны бірдей машиналар, аппаратура, аспаптар, шаруашылық мүкәммал және жабдық үшін бірнеше объектілерді (заттарды) қабылдауға жалпы № ОС-1 нысаны бойынша жалпы акті жасауға жол беріледі.
Негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс және инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін (заттарын) қабылдау үшін мемлекеттік мекеме басшысының өкімімен (бұйрығымен) комиссия құрылады. № ОС-1 нысаны бойынша актіні мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді.
№ ОС-1 нысаны бойынша акті ресімделгеннен кейін бухгалтерлік қызметке беріледі. Актіге осы объектіге (затқа) қатысты техникалық құжаттама қоса беріледі. Осы құжаттардың негізінде бухгалтерлік қызмет объектіге түгендеу нөмірін береді және есептеу тіркеулерінде тиісті жазбалар жүргізеді.
Жеке заттарды қабылдауды тікелей бастапқы құжаттар (шот-фактуралар мен басқа да бастапқы құжаттар) негізінде ресімдеуге жол беріледі.
Материалдық жауапты адамдар түсуі туралы алғашқы құжаттарда объектілерді (заттарды) жауапты сақтауға қабылдау қолхатынан басқа, оларды түгендеу нөмірін көрсете отырып, № ОС-13 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізіміне олардың жазылғаны туралы (олардың орналасқан жері мен пайдаланылуы бойынша) белгі жасауы тиіс.»;
№ НОС-1 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«2710 «Материалдық емес активтер» шоты бойынша материалдық емес активтердің объектілерін қабылдап алу-тапсыруды және концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беруді (орнын ауыстыруды) ресімдеу үшін қолданылады. № НОС-1 нысаны бойынша актіде материалдық емес активтер түрінің нақты атауы, оны мемлекеттік мекемеге беру күні, объектінің сипаттамасы, оның өзіндік құны (бастапқы құны), амортизация нормасы және материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.
Материалдық емес объектілерді қабылдауды ресімдеу кезінде № НОС-1 нысаны бойынша акт материалдық емес активтердің әрбір объектісіне бір данада жасалады. Бірнеше біртекті материалдық емес активтерді қабылдауды ресімдейтін № НОС-1 нысаны бойынша жалпы акті жасауға жол беріледі. № НОС-1 нысаны бойынша акт ресімделгеннен кейін материалдық емес активтердің объектісін, оны пайдалану тәртібін сипаттайтын құжаттаманы, сондай-ақ осы объектіге қатысты мемлекеттік мекеменің осы немесе өзге мүліктік құқығын растайтын құжатты қоса бере отырып, бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді өзге мемлекеттік мекемеге берген (сатқан, ақысыз берген) кезде № НОС-1 нысаны бойынша акт материалдық емес активтерді тапсырушы және қабылдаушы мемлекеттік мекеме үшін екі данада жасалады.»;
№ ОС-3 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-3 нысаны бойынша акт 2310 «Жер», 2320 «Ғимараттар», 2330 «Құрылыстар», 2340 «Беріліс қондырғылары», 2360 «Машиналар және жабдықтар», 2380 «Өзге негізгі құралдар», 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шоттары бойынша негізгі құралдардың жекелеген объектілерін және 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығаруды ресімдеу үшін қолданылады.
№ ОС-3 нысаны бойынша актіде есептен шығаруға объектілерді сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі: объектіні дайындау немесе салу (құрылысын аяқтау) жылы, оның мемлекеттік мекемеге түскен жылы немесе пайдалануға енгізілген уақыты, объектінің өзіндік құны (алғашқы құны), бухгалтерлік есептің деректері бойынша жинақталған амортизация сомасы, жүргізілген күрделі жөндеулер саны және объектіні сипаттайтын басқа да деректер.
Негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс немесе инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін істен шығарудың себептері егжей-тегжейлі көрсетіледі, негізгі бөліктердің, бөлшектердің, тораптардың, конструктивтік элементтердің техникалық сипаттамасы беріледі.
Негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығаруға арналған № ОС-3 нысаны бойынша актіні комиссия екі данада жасайды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. № ОС-3 нысаны бойынша актінің бір данасы негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару есебінде көрсету үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, екінші данасы материалдық-жауапты адамда қалады және негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті жоюдан алынған жарамды тораптар мен бөлшектерді, сынықты, ескі-құсқы мен өзге қосалқы бөлшектерді қоймаға тапсыру үшін негіз болады. № ОС-3 нысаны бойынша есептен шығаруға арналған актіні бекітуге дейін негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті бөлшектеуге және бұзуға жол берілмейді.
Полная версия
ИС BestProfi