Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2014
Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 15 наурыздағы N 06-2-2/91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 2 сәуiрде тiркелдi. Тiркеу N 2792
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 2 қазаннан бастап ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 25.07.2014 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Жоғары жетiстiктер спорты және спорт резервi басқармасы (Ю.П.Гуськов) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
"Спортшының бiр дене
шынықтыру - спорт ұйымынан
(спорт клубынан) басқа
дене шынықтыру - спорт
ұйымына (спорт клубына)
ауысуы жөнiндегi Ереженi
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
жөнiндегi агенттiгi
Төрағасы мiндетiн
атқарушысының
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 06-2-2/91 бұйрығымен
бекiтiлген
Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереже
1. Осы Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) (бұдан әрi - ұйым) ауысуының тәртiбiн анықтайды.
2. Ауысудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мөлдiрлiктi қамтамасыз ету және спортшыларды даярлау жүйесiн жетiлдiру, республика құрама командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) трансферттiк карта (сертификат) - спортшының шет елдiк спорт клубы үшiн өнер көрсетуiне құқық беретiн рұқсат;
2) дене шынықтыру-спорт ұйымы (спорт клубы) - меншiк нысанына қарамастан дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.
4. Қазақстан Республикасының спортшыларын даярлау келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Спорттық қызмет туралы келiсiм-шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негiзiнде жасалады және жазбаша нысандағы келiсiм болып табылады әрi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi орталық атқарушы органда (бұдан әрi - орталық орган) есепке алынады.
Спорттық қызмет туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, осы келiсiм-шартты жасаудың және бұзудың шарттары көрсетiлуi қажет. Спорттық қызмет туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да шарттар мен мiндеттер болуы мүмкiн.
5. Спортшының спорт қызметi туралы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына немесе шетелдiк дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдiк спорт клубына) ауысуға құқығы бар.
Егер спортшы басқа ұйымға спорт қызметi туралы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ауысқан немесе келiсiм-шарт талаптарында көзделген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, спортшы ұйымдардың өзара келiсiмiмен ғана ауысуы мүмкiн.
2. Спортшының ауысуы және шарт (келiсiм-шарт) жасасуы
6. Спортшылардың ауысу мәселелерiн дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - федерация), дене шынықтыру және спорт саласындағы (бұдан әрi - аумақтық орган) аумақтық атқарушы органдар қарайды және дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы органдар мынадай тәртiпте келiседi:
1) спортшының, облыстық, қалалық құрама команда мүшесiнiң Қазақстанның шегiнде бiр ұйымнан басқа ұйымға ауысуы кезiндегi мәселенi осы спорт түрi бойынша аккредиттелген федерация, спорт мәселелерiне қарайды және аумақтық органмен келiседi;
2) спортшының, облыстық, қалалық құрама команда мүшесiнiң шет елдiк дене шынықтыру-спорт ұйымға ауысуы кезiндегi мәселенi осы спорт түрi бойынша аккредиттелген федерация, спорт мәселелерiне аумақтық орган қарайды және орталық органмен келiседi;
3) спортшының ауысуы кезiнде құрама команда мүшесiнiң бiр ұйымнан басқа (соның iшiнде шет елдiк) ұйымға ауысуы кезiндегi мәселенi осы спорт түрi бойынша аккредиттелген федерация қарайды және орталық орган бекiтедi.
7. Ауысуға рұқсат алғысы келген спортшы жазбаша түрде өзiнiң тiлегi туралы тиiстi ұйымның басшысына және спорт түрi жөнiндегi федерацияға шарттың (келiсiм-шарттың) қолдану мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда хабарлайды.
8. Спортшы ауыстыру туралы мәселенi қарау үшiн мынадай құжаттарды:
2) мүдделi ұйымдардың келiсiлген (келiсiлмеген);
9. Өтiнiштi қарау және келiсу мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан аспауы қажет.
10. Спортшы бiр ұйымнан басқа ұйымға мынадай негiздерге байланысты ауыса алады:
3) бiлiм беру мекемесiнiң күндiзгi бөлiмiнде оқыса;
4) спортшымен ұйым арасындағы шарттың (келiсiм-шарттың) қолдану мерзiмi аяқталса;
5) тараптардың келiсiмi бойынша шарт (келiсiм-шарт) мерзiмiнен бұрын бұзылса.
11. Шеттетуi бар спортшы жазалау кезiнде басқа ұйымға ауысу құқығынан айрылады.
12. Спортшы спорт клубын (команданы) қайта жасақтаған кезде Қазақстан чемпионаты басталардан бұрын немесе оның барысында өзi қатысатын басқа спорт клубына (командаға) кедергiсiз ауысу құқығына ие болады.
13. Бiр ұйымнан басқа ұйымға өткен спортшы онымен шарт (келiсiм-шарт) жасасады.
14. Спортшының бiр ұйымнан басқа ұйымға негiзгi ұйыммен ұйымдар арасындағы екi жақты келiсiм-шартпен ресiмделетiн шартты (келiсiм-шартты) бұзбай-ақ уақытша ауысуы мүмкiн. Аталған келiсiмде спортшының уақытша ауысу шарттары мен мерзiмi көрсетiледi.
15. Орталық органмен келiскеннен кейiн спорт түрлерi бойынша аккредиттелген республикалық федерациялардан спортшы шет елдiк дене шынықтыру-спорт ұйымға ауысқан кезде оған трансферттiк карта (сертификат) берiледi, ол спорт түрiнен халықаралық федерациялардың талаптарына сай болады және спортшының Қазақстан Республикасының құрама командасы үшiн ресми халықаралық жарыстарға қатысуын көздейдi.
16. Спортшының бiр ұйымнан басқа ұйымға ауысу мәселесi шешiлгенше спортшының жаңа ұйым үшiн жарыстарға қатысуына рұқсат етiлмейдi.
17. Осы Ережеге сәйкес спорт түрлерi бойынша аккредиттелген республикалық федерациялар тиiстi халықаралық спорт федерацияларының талаптарын ескере отырып, спортшылардың бiр ұйымнан басқа ұйымға ауысу ережесiн әзiрлейдi және орталық органға келiсiмге ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi