Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 1257 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 606-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
3-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм беруi. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын беріледі;»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің* немесе анықтаманың өтініш берушінің бірінші басшысы растаған және мөрі қойылған көшірмесі;
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағы) және оның радионавигациялық құралы орналасқан жер учаскесін, құрылысты пайдалану (меншік) құқығына актінің көшірмесі;
4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесінің көшірмесі;
5) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарының көшірмесі;
6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмесі;
Полная версия