Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
"Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1278 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 871-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газ өткізілген жағдайда, оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
Pc = (Cp + CRE ) x r + TC + R
мұндағы,
Рс - мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы, мың текше метр үшін теңге;
Ср - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метр үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:
C P = | C F x | (G p x 0.857) ________________ |
O P + (G P x 0.857) | ||
_________________________________ | ||
G P |
мұндағы,
CF - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысқан, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
Gp - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
Op - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
0,857 - шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
CRE - өткен күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газды өндірудің мынадай формула бойынша айқындалатын өзіндік құны:
C RE = | C FG x | Q G |
___ | ||
Q CG |
мұндағы,
CFG - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, шикі газды қайта өңдеумен тікелей байланысқан және мұнай мен шикі газды өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын өткен күнтізбелік жылы шикі газды қайта өңдеудің жалпы өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
QG - тауарлық газды өндіру көлемі, мың текше метр;
QCG - қайта өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі, мың текше метр;
r - мынадай формула бойынша айқындалатын 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент:
| G P x AEP G |
r = | _________ |
| O P x AEP O |
мұндағы,
Gp - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
Op - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
AEPG - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метр үшін теңге;
AEPo - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
ТС - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метр үшін теңге;
R - ұлттық операторға N% мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
R = (C p + C RE ) x r x N
мұндағы,
N - жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия