«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1281 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
1. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия