Близость слов: Окончание:





Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8782 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2017 жылғы № 484 Бұйрығына сәйкес (26.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 25.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңының 54-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.04.2020 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2017 жылғы № 484 Бұйрығына сәйкес (26.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Авиация персоналы куәлiгiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259(26657) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 711 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7366 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 164-168(27242) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 750 бұйрығымен
бекітілген
Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2017 жылғы № 484 Бұйрығымен (26.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 28 Бұйрығымен (19.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2018 жылғы № 891 Бұйрығымен (12.01.2018 жылғы редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 543 Бұйрығымен (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.04.2020 жылғы № 200 Бұйрығымен (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 жылғы № 599 Бұйрығына сәйкес (14.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Авиация персоналы куәлiгін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 54-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес жасалған және авиация персоналы куәлiгін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі мен «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.08.2022 жылғы № 467 Бұйрығына сәйкес (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) авиациялық персонал – арнайы және (немесе) кәсіби даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
2) авиациялық персонал куәлігі – авиациялық персоналдың біліктілігі мен өкілеттігін растайтын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi