Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 және "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1307 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
="red">Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 55-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2013 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 1307 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 17 қарашадағы
№ 1351 қаулысымен
бекiтiлген
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеудi бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.
3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынған жылжымалы құрам бірліктері кiредi.
Полная версия
ИС BestProfi