Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
"Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1314 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрі – Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі – халықаралық кеме тізілімі), бербоут-чартер тізілімінде және жасалып жатқан кемелер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады.
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі (бұдан әрi – уәкілетті орган) белгілейді.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаларға сәйкес кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде үш жұмыс күнi iшiнде оған құжаттарды қабылдаудан дәлелдi жазбаша бас тартуды бере отырып, өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетiлген қайшылықтар мен мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн басқа негiздер болмаған кезде Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, халықаралық кеме тізіліміне, бербоут-чартер тiзiлiмiне, жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне жазулар енгiзу;»;
19-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесінің консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді. Уақытша куәлік берілгені туралы әрбір жазба тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Мұндай нөмір құжаттарды қабылдаған кезде беріледі және қабылдаған құжаттардың кіріс нөміріне сәйкес келеді. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі уақытша куәлік береді. Берілген уақытша куәлік туралы Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уақытша куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, хабарлама жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
«2-1. Кемелер мен оларға құқықтарды Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу
21-1. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады.
Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеулер (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және мұндай кемені аталған тізілімнен шығару пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген адамның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады.
21-2. Кемелер шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінде тіркелген және халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың шығарылған жылдары жиырма жылдан асқан болса, олар халықаралық кеме тізілімінде тіркеуге жатпайды.
Полная версия
ИС BestProfi