Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
"Кеме құжаттарының тiзбесiн, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргiзу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1316 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. «Кеме құжаттарының тiзбесiн, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргiзу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 150, 669-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеме құжаттарының тiзбесiн, Кеме құжаттарын жүргiзу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекiту туралы»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме құжаттарын жүргiзу қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу және кеме құжаттарына қойылатын талаптардың тәртiбiн айқындайды.
Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк немесе орыс немесе ағылшын тiлдерінде жүргiзiледi.»;
5, 6 және 13-тармақтар алынып тасталсын;
16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Кеме журналының титул парағында кеме журналының нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, кеменің тіркелген порты, кеме журналының басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.
17. Кеме журналына кесте түрінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
13) вахтада өткiзiлген уақыт, әрбiр вахтаның вахталық матростарының аты-жөндері. Қажет болған кезде вахтаны күшейту үшiн шақырылған экипаж мүшелерінің аты-жөндері жазылады.
18. Вахта жұмысының соңында осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы барлық бағандар толтырылады.
19. Тұрақтағы вахтаның соңында кеменiң жай-күйi мен жағдайы жазылады:
1) кеменiң алдыңғы және артқы жағымен шөгуi;
3) кеме энергетикалық қондырғысының (бұдан әрi - ҚӘК) дайындығы;
Егер вахта уақытында өзгерiстер болмаса, бас жағы мен артқы жағының шөгуі және қажетті іс-шаралар жүргізілетін кеме иесінің қауіпсіздікті басқару жүйесінің чек-парақтарының нөмірлерін көрсете отырып «Бұрынғы қалыпта тұрмыз» деген сөз орамы жазылады.
20. Тәулік басталуына арналған беттің тақырыбында күні, айы және жылы, кеменің жүзу ауданы, кеменің қайдан және қайда жүруі (тұру уақытында порттың және рейдтің атауы көрсетіледі), рейстің нөмірі (бар болған кезде), кеме уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық көрсетіледі.
21. Оқиғаның уақыты туралы бағандағы сағатты ауыстырған кезде бөлшек арқылы ескі және жаңа уақыт, кеменің орналасқан жері туралы бағанда – кеме орнының координаталары, түсіндірме жазбалары бар бағанда – «Кеме сағаттары бір сағатқа алға/артқа ауыстырылды» деген сөз орамы және кеменің жаңа уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық жазылады.
22. Кеме журналының тиісті бағандарында мыналар көрсетіледі:
1) лоцманмен бірге жүзу кезінде – лоцманның келген және кеткен уақыты, оның тегi мен аты-жөнi;
2) тiркеп сүйреуiштiң көмегімен өткізу кезінде – тiркеп сүйреуiштiң келуi және кетуi, олардың атауы, тiркеп сүйрету схемасы;
3) кемені зәкірге қою кезінде – зәкір берілген жердің координаталары, жолда тұрғызу себептерi, қандай зәкiр берiлген, қанша зәкiр шынжыры пайдаланғаны, өлшенген теңiз тереңдiгi, КӘҚ-ның дайындығы;
4) айлаққа қою кезінде – айлақ атауы немесе нөмiрi, арқандап байлау борты, қандай, қанша, қалай және қайда арқандап байланды, зәкiрге, кеме алдыңғы немесе артқы жағына шөгуi;
5) кеме қозғалысын басқару жүйесінің әрекеті аймағында жүзу кезінде – аймағына кiруге рұқсат алғандығы, кіру және шығу уақыты, көрсетілетін қызмет түрi, оның басталуы мен аяқталуы, кеме қозғалысын басқару жүйесінің оператордан алынған мәліметтер;
6) дауылды жағдайларда жүзу кезінде – қисаю бұрышы мен тербеу кезеңi, жүктi сақтауды қамтамасыз ету бойынша әрекет, мұндайлар орын алған жағдайда палубаны су алып кетуi мен толқынның соғысы;
7) кемеде бала туған жағдайда – анасының тегi, аты мен әкесiнiң аты, баланың жынысы;
8) кемедегі өлiм жағдайында – өлген адамның тегi, аты мен әкесiнiң аты, өлу себебi, өлген адамның денесi қашан және кiмге берiлдi;
9) борттағы қайғылы жағдайда – жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайлары;
10) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілген жағдайда – көмек көрсетудің себептері мен жағдайлары;
11) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілмеген жағдайда – көмек көрсетпеудің себептері мен жағдайлары;
12) өсиеттерді куәландырған кезде – өсиет қалдырушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, өсиет жасалған күні;
13) кеме рейске шыққан кезде – экипаж мүшелерi мен жолаушылардың саны, отын мен судың қоры, қалдық тұнба, жүктiң мөлшерi мен түрi, басқару құрылымының дайындығы, рейске шығуға жалпы дайындық;
14) кемені басқару бұйрығы берілгенде – кемені басқару бұйрығын қабылдайтын капитанның тегi, аты мен әкесiнiң атын көрсете отырып басқаруды беру және оған кірісу фактiсi. Жазба тапсыратын және қабылдайтын капитандардың қолымен бекiтiледi.
23. Өртпен күрес және кеменi тастап шығу бойынша әрбiр оқу дабылы кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен толық сипатталып жазылуы керек. Егер оқу жинағы, оқу, оқу сабағы немесе оқу дабылы толық көлемде жүргізілмеген болса, жағдайды түсіндіретін және жүргізілген оқу жинағының, оқудың, оқу сабағының немесе оқу дабылының көлемі жазылады.
24. Конвенция талаптарының орындалуын тiркеу кесте түрінде жүргiзiледi және капитанның аға көмекшісі қол қояды. Қажетті толықтырулар мен толық мағлұматтар кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен жазылады.»;
25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52 және 62-тармақтар алынып тасталсын;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Радиожурналдың титул парағында радиожурналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), радиожурналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
«87-1. Машина журналының титул парағында машина журналының нөмірі, кеменің атауы, ҚӘК-тың түрі және қуаты, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), машина журналының басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.»;
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), экипаж мүшелерiн орналастыруға арналған орынның саны, кеменiң жасалған жылы, жолаушыларды және толықтырғыш персоналы орналастыру орнының саны, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.»;
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«113. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.»;
123 және 124-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
124. Журналда осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес тiркеуге жататын тармақтар тiзбесінде көрсетілген машина бөлiмiнiң операциялары тiркеледi.»;
134 және 135-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«134. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
135. Журналда осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес тiркеуге жататын тармақтар тiзбесiнде көрсетілген жүк және теңгерім операциялары тiркеледi.»;
«10. Кеме құжаттарына қойылатын талаптар
141. Кемеде көшірмесін осы құжатты берген орган растаған немесе нотариус куәландырған кемеге меншік құқығы туралы куәліктен басқа, кеме құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.
142. Кемедегі барлық журналдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқық алған сәтiнен бастап, құқығы сақталған бүкiл уақыт кезеңi бойы жүргiзiледi.
143. Кемедегі барлық журналдар нөмiрленуi, тiгiлуi және оны кеменiң тiркеу теңiз портының капитаны растауы тиiс, ал кеме жеке меншiкке Қазақстан Республикасынан шегiнен тыс жерде сатып алынған жағдайда - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнiң басшысы растайды.
144. Кемедегі журналдардың соңғы беттерінде мөртабанмен кеменiң тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналының нөмiрi, нөмiрленген және тiгiлген беттердiң саны, кеме тіркелген портының атауы көрсетiледi. Кеменiң тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналдардың нөмiрлері журналдардың титул парағында да көрсетіледі.
145. Барлық журналдар кеме бортында соңғы жазба енгiзiлгеннен кейiн үш жыл ішінде сақталады, одан кейiн кеме иесiнiң мұрағатына тапсырылады.
146. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу және кемеге меншік құқығы туралы куәліктерді кемені Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінің біріне енгізгеннен кейін кемені тіркеуді жүзеге асыратын орган береді. Көрсетілген куәліктерге нысандар, беру тәртібі және қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiмен регламенттеледі.
147. Осы қаулымен бекітілген кеме құжаттары тізбесінің 11–17-тармақтарында көрсетілген куәліктерді (бұдан әрі – куәліктер) кеме қатынасының тіркелімі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған шетелдік сыныптау қоғамдары береді. Көрсетілген куәліктердің нысандары, беру тәртібі және қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен және кеме қатынасының тіркелімі қағидаларымен регламенттеледі.
148. Куәліктер мемлекеттік немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жасалады.
149. Куәліктерде олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі бойынша берілгені көрсетіледі.»
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi