«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және бұзу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2013 жылғы 21 қазандағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қарашада № 8909 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы
полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және бұзу ережесі бекітілсін.
2. Кадрлар басқармасы Академиямен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға P. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 21 қазандағы № 341 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуші, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырушы адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және тоқтату ережесі
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - ЭСЖКА) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға түсуші, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырушы адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және тоқтату ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Құқық қорғау органдары туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырушы адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Академияға оқуға түсушілер осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысанда Академияда оқу мерзіміне және сонымен қатар Академияда оқуын бітірген соң Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында орта және басшылық құрам лауазымдарында күнтізбелік есеппен бес жыл қызмет өткеру туралы келісім-шартқа отырады.
3. Келісім-шартта өзара міндеттемелер және тараптардың жауапкершілігі белгіленеді (оқуға түсуші адамдар және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары) және Академияны бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызметін өткеру шарты және мерзімі қарастырылады
4. Келісім-шарт Академияға оқуға қабылданғаны туралы қабылдау комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін жасалады. Келісім-шарт жазбаша түрде құрастырылып, оған тыңдаушы және Академия басшысы қол қояды. Келісім-шарт екі данада ресімделеді, оның біреуі жеке іске тігіледі, ал екіншісі тыңдаушыға беріледі. Әрбір келісім-шарттың заңды күші бар.
5. Жасы он сегізге толмаған адамдармен келісім-шарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының, бала асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет, олар заңнамалық тәртіппен ресімделеді. Жасы он сегізге толғаннан кейін келісім-шарт тыңдаушымен (курсантпен) қайта жасалады.
6. Келісім-шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және тек тараптардың келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. Келісім-шарт Академия тыңдаушыларының қатарына қабылдау туралы бұйрық шығару үшін негіз болып табылады.
7. Келісім-шарттың мерзімінен бұрын бұзу бойынша тараптардың арасында дау туындаған жағдайда ондай дау тыңдаушы (курсант) және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімше басшысы, Академия бастығы арасындағы тікелей келіссөздер жүргізу, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда - жоғары тұрған құқық қорғау органында қарау, немесе сотқа жүгіну жолымен реттелуге жатады.
8. Академияның күндізгі оқыту нысанын бітірген адам құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет өткереді.
9. Академияны бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5) 9), 11) 15) тармақшалары негізінде жұмыстан шығарылған және құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл жұмыс істемеген қызметкерлер өзін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, заттай жабдықталымына жұмсалған бюджеттік қаражаттарды мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұсталуға тиіс сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет толық атқарылмаған әрбір айға тепе-тең есептеледі.
Полная версия

