Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
"Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1287 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 587-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 29 қарашадағы
 № 1287 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 қарашадағы
№ 1183 қаулысымен
бекітілген
Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы
1. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының, тасымалдаушының, терминалдың меншік иесінің мұнай өңдеу (мұнай-газ өңдеу) зауыты басшысының уәкілетті адамы (бұдан әрі – уәкілетті адамдар) ұсынатын тиісті ақпарат негізінде қалыптасқан мұнай өндіру мен оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай терминдер пайдаланылады:
1) диспетчер – мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) тасымалдаушы – мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) мұнай өңдеу зауыты – өңделген өнімдерді кейін ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін мұнай өңдеу мақсатында мұнайды қабылдайтын зауыт;
4) терминалдың меншік иесі – резервуар сипатындағы мұнай сақтауға арналған өнеркәсіп нысанын, сондай-ақ мұнайды көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және т.б.) немесе мұнай құбырына қабылдауға/тиеуге арналған платформаларын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылады.
2. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібі
3. Диспетчер мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын уәкілетті адамдар ұсынатын ақпарат негізінде қалыптастырады.
4. Ақпарат уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған немесе диспетчердің электрондық мекенжайына толтырылған және қол қойылған электрондық нысанының сканерленген нұсқасын жіберу «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік бірыңғай басқару жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ЖҚП МББЖ ИАЖ) арқылы да ұсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi