«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8785 тіркелді
Редакция 14.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде ақпарат құралдарына жариялауға жіберілгені туралы мәліметтің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы
Осы Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.06.2018 жылғы № 431 Бұйрығына сәйкес (29.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлауыдың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Үлгілік бағдарлама авиация персоналын, азаматтық авиация кәсіпорындары басшыларын, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерінің (мамандарын) басқа да санаттарын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру қағидаттарын, жүзеге асыру тәртібін, кезеңдерін ұйымдастыруды, бағдарламалар мазмұны көлемінің ең аз көлемін және басқа да критерийлерін айқындайды.
3. Осы Үлгілік бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі - ДМҰ) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелері қолданылған.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (05.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Үлгілік бағдарламада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 591 Бұйрығымен (05.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2021 жылғы № 214 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) авариялық жабдық – борттағылардың барлықтарының өмірін сақтау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұғыл шараларды қолдануды қажет ететін авариялық немесе штаттан тыс жағдайларда қолдануға арналған әуе кемесінің бортында (бұдан әрі – ӘК) орналасқан немесе бекітілген жабдық (мысалы: жолаушылар салонында оттегіні таратушы, балта, өрт сөндіргіш, түтіннен қорғайтын оттегі капюшоны, ажыратқыш механикалық құралы, авариялық басқыш);
2) авариялық рәсімдер – ұшу өндірісі жөніндегі нұсқаулықта пайдаланушы бекіткен, штаттан тыс және авариялық жағдайларда қолданылатын рәсімдер. Штаттан тыс жағдайлар дегеніміз – әдеттегі немесе үйреншікті емес, ауытқуларға әкелетін және авариялық жағдайларды қаупін тудырады.
Полная версия